Мұғалімдерге арналған алғыс хаттар

0
24713
алғыс хат
алғыс хат

Ustaz tilegi – Ұстаз тілегі Республикалық ұстаздар сайтынан сіз өзіңізге және әріптестеріңізге тегін алғыс хат алуыңызға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп 5 материал жариялау керек. Қазіргі уақытта сайттан 15 000 астам ұстаздар алғыс хаттар алып өз жұмысына қолдануда. Материалды сайтта жариялау керек.

Алғыс хаттар барлық талаптарға сай оқу орталығының мөрі, бас редактордың қолы, уақыты, тіркеу номері, веб мекен жайы т.б. ақпараттар жазылған.

Сайттан марапаттар берілу тәртібі:

  • 1 материал жарияласаңыз — 1 сертификат
  • 5 материал жарияласаңыз — 1 алғыс хат, 5 сертификат
  • 10 материал жарияласаңыз — 1 құрмет грамотасы, 2 алғыс хат, 10 сертификат беріледі.
  • Жоғарыдағы барлық марапаттар тегін беріледі

Яғни алғыс хат алу үшін бар болғаны 5 материал жариялау жеткілікті. Әріптесіңізге алып беру үшін материал жариялау бетінде әріптесіңіздің аты-жөнін жазу керек. Сонда әріптесіңізге беріледі.

Ұстаз тілегі сайтында сертификатты алу тегін әрі өте жылдам. Барлық шығындарды сайт редакциясы және сайттың демеушілері төлейді. ҚР Білім және ғылым министірлігіне алғыс білдіреміз.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:

1)Әр материалды бөлек жариялау керек па?

Ия әр материал жеке жариялану керек. Сайтта жарияланған материалдарға тіркеу номері беріліп сіздің авторлық құқығыңыз сақталады. Ал берілген сертификаттар, алғыс хаттар осы материалдың жарияланғаны туралы құжат болып саналады. Сертификаттар категориядан өтуге және портфолиоға салуға жарамды. Алғыс хаттар мен грамоталар аттестатция кезінде қолдануға болады.

2) Сертификаттар мен алғыс хатты қайдан аламын, почтаға жібересіздер ме?

Марапаттарды сайттағы жеке кабинеттен, жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады. Жүктеу деген батырманы басқан соң сіздің жеке компьютеріңізге жүктеледі. Әдетте загрузки деген папкаға түсу керек. Комьютерге түскен соң көруге болады.

Ескерту: Марапаттар почта арқылы жіберілмейді. Тек сайтта жеке кабинетте жүктеп алуға болады.

3) Жариялау кезінде қателік жіберіп қойдым. Қалай дұрыстауға болады?

Барлық жарияланған материалдарды 1 рет өзгертуге болады. Ол үшін жетістіктерім деген бөлімге кіріп өзгерту деген батырманы басу керек. Ақпараттарды дұрыстап марапатты қайта жүктеп алуыңызға болады.

Алғыс хаттың үлгісі

Алғыс хаттың үлгісі
Алғыс хаттың үлгісі