Отандық сайттарды дамытып, қолдау мақсатында Ұстаз тілегі (ust.kz) сайты Яндекс (yandex.kz) — сайтының қолдауымен Акция ұйымдастырғанын хабарлаймыз.
Акция бойынша Ұстаз тілегі сайтынан 5-сәуірден бастап ұстаздар мен оқушылар сертификаттар мен алғыс хаттарды тегін алуына болады. Барлық шығындарды Яндекс (yandex.kz) төлеп, сайттың тұрақты түрде жұмыс істеуіне жауапты болады.
Акцияға қатысу үшін:
- ust.kz — сайтына тіркелу керек (егер сіз бұрын тіркелген болсаңыз сайтқа кіру керек)
- Материалды жариялау керек.
- Сертификатты және алғыс хатты жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады.
Сайтқа өту — ust.kz
- Бір материал жарияласаңыз — 1 сертификат беріледі (әр материалға 1 сертификат беріледі)
- 5 материал жарияласаңыз — 1 алғыс хат. (әр 5 материал сайын 1 алғыс хат беріледі)
Сертификат немесе алғыс хаттар сіздің авторлық материалыңызды ұстаздарға арналған Республикалық сайтта жариялап, басқа ұстаздармен пайдалы ақпаратпен бөліскеніңізді және авторлық құқығыңызды растайды.
Сертификат немесе алғыс хатты алу үшін ust.kz Ұстаз тілегі сайтында кез-келген авторлық (өзіңіз жазған) материалды (ашық сабақ, мақала, тест, презентация, тәрбие сағаты, өлең, ғылыми жоба т.б.) жариялау керек. Материал жариялаған соң сайт автоматты түрде сертификат немесе алғыс хат береді. Марапатты жеке кабинеттегі жетістіктерім деген бөлімде жүктеп алуға болады.
Акция туралы ақпарат:
- Бір қолданушы қалаған көлемде сертификат немесе алғыс хат алуына болады.
- Бір қолданушы басқа әріптестеріне немесе оқушыларына марапаттарды алып беруіне рұқсат беріледі.
- Сертификат алу үшін — 1 материал жариялау керек. Ал, алғыс хат алу үшін 5 — материал жариялау керек.
- Сертификаттар материал жариялаған соң автоматты түрде жеке кабинеттегі жетістіктерім бөліміне түседі.
- Сертификатты сайттағы жеке кабинеттен жүктеп алуға болады. Почтаға хабарлама жіберілмейді.
- Сертификат алу үшін кез-келген білім саласына және басқа ұстаздар мен оқушыларға пайдалы деген материалды жариялауға болады.
- Жарияланатын материалдар жариялау бетіндегі ережеге сай болу керек. Егер ережеге сай болмаса, 1-ай ішінде сайт әкімшілігі сайттан өшіруге және марапаттың заңды күшін жоюға құқылы.
Акцияның ресми демеушілері:
- Яндекс (yandex.kz)
- Ютубе (www.youtube.com/?gl=KZ)
- ҚР Білім және ғылым порталы Зияткер.